Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 354 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 156-нқ бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Адами ресурстармен жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Д.В. Вагаповқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылы 24 сәуірдегі
№ 354 бұйрығымен бектілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың
әдістемесі
1. Жалпы ережелер