2. Секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) шығыстарын қоспағанда, бюджет шығыстарын олардың бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан аз сомаға секвестрлеу - Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің) шешімімен, он пайыздан жоғары сомаға секвестрлеу заңның немесе мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның секвестр жүргізу туралы қаулысының негізінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджет түсімдері мен шығыстарын өзгерту арқылы тиісті бюджетті түзетуді жүзеге асырады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің секвестр жүргізу туралы шешімінің негізінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджет түсімдері мен шығыстарын өзгерту арқылы тиісті бюджетті түзетуді жүзеге асырады.
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) қысқартылған кезде олардың басымдығы мен әлеуметтік бағыттылығы ескеріледі.
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Тиісті бюджеттік комиссияның секвестрлеу туралы ұсынысын ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган азаматтық-құқықтық мәмілелердің тіркелуін жүзеге асыруды және секвестрлеу белгіленген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдер жүргізуді тоқтата тұрады.
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Секвестр жүргізу кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерді жасайды және оларды бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
6. Секвестрлеу кезінде бюджет қаражаты есебінен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша туындаған қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға бағытталған бюджет қаражатының шығыстары бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайды.
Тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес мемлекеттік мекемелердің қабылданған міндеттемелері бойынша бюджет қаражаты ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейін бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайды.
Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджет қаражатының шығыстары бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайды.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулылары, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің шешімдері және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту бюджетті түзету болып табылады.
Егер жүргізілген түзетуден кейін бюджетті нақтылау жүргізілсе, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, бюджеттің түзетілген көрсеткіштері нақтыланған бюджетте көрсетіледі.
2. Республикалық бюджетті түзету:
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) орталық мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары мен штат санының лимиттері өзгертілген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджетті түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, қысқартуды (ұлғайтуды) беруді білдіреді;
2) бюджетте бюджеттік бағдарламалардың белгілі бір әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары құрамында бекітілген бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында бөлінген;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтері қаражатының жалпы көлемін қайта бөлу арқылы тиісті резервтің жоспарлы мақсаттарын ұлғайту үшін резерв түрлерінің біріне көзделген қаражат жеткіліксіз болған;
3) осы Кодекстің 24-бабының 3-тармағында көзделген;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) Республикалық бюджет комиссиясында қаралмастан, қаражат ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің бес пайызынан аспайтын көлемде бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, республикалық бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің бюджеттік даму бағдарламалары арасында, Республикалық бюджет комисссиясында міндетті түрде қарай отырып, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің бес пайызынан он пайызына дейінгі көлемде бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, республикалық бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің бюджеттік даму бағдарламалары арасында қайта бөлінген;
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) Республикалық бюджет комиссиясында міндетті түрде қарай отырып, бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражат республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары арасында ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің он пайызынан аспайтын көлемде қайта бөлінген;
4) осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көзделген;
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) осы Кодекстің 110-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
5-1) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жергілікті бюджеттерді түзету:
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары мен штат санының лимиттері өзгертілген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджетті түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, қысқартуды (ұлғайтуды) беруді білдіреді;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) қаржы жылы iшiнде төмен тұрған бюджетке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, облыстың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының резервтерiнен қаражат бөлiнген, сондай-ақ қаржы жылы ішінде төмен тұрған бюджетке жоғары тұрған бюджетте көзделген бөлінетін бюджеттік бағдарламадан қаражат бөлінген;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) осы Кодекстің 42-бабының 3-тармағында көзделген;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) жоғары тұрған бюджеттен қосымша нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер бөлінген және (немесе) олардың бөлінген көлемдері өзгерген;
3) бюджетте бюджеттік бағдарламалардың белгілі бір әкімшісінің құрамында бекітілген бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында бөлінген;
4) осы Кодекстің 44-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген;
5) осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көзделген;
6) осы Кодекстің 110-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
21-тарау. Бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау
112-бап. Бюджеттік мониторинг
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау бюджеттік мониторинг болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік мониторингті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.
3. Бюджеттік мониторинг бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілігі және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
4. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептер береді.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын және жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне, жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмауы туралы ескертпе-ақпарат жібереді.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Тиісті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есептің нәтижелері тиісті бюджетті әзірлеу немесе нақтылау, мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру, республикалық бюджет жобасына алдына ала бағалауды жүзеге асыру кезінде ескеріледі.
7. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік мониторинг жүргізу жөніндегі жалпы әдіснамалық және әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді.
Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесін қараңыз
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 113-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
113-бап. Нәтижелерді бағалау
1. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің ел немесе өңір экономикасының, экономиканың жекелеген саласының (аясының), қоғамның дамуына әсер етуін объективті бағалау, мемлекеттік орган қызметі нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау нәтижелерді бағалау болып табылады.
1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес жүргізілетін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын бағалауға;
2) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілетін тиімділік аудитіне;
3) орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін Жыл сайынғы бағалау жүйесіне сәйкес жүргізілетін орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауға негізделеді.
3. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының нәтижелерін бағалау:
1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларын таңдаудың негізділігін, олардың түсінікті және анық жазылуын талдауды;
2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізбеу немесе асыра орындау себептерін көрсете отырып, оларға қол жеткізілуін талдауды;
3) осы Кодекстің 62-бабы 3-тармағының төртінші бөлігінде көзделген органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік бағдарламалары мақсаттарының өзара байланысының болуын талдауды;
4) нәтижелерді бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдарды қамтуға тиіс.
4. Бюджеттік бағдарламаларда айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелерге, оның ішінде бюджет қаражатын толық игеру кезінде қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы және бюджеттік бағдарламаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және оның ведомстволарын қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің
бухгалтерлік есебінің және қаржылық есептілігінің жүйесі
22-тарау. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі
245-бапқа сәйкес 114-бап 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
114-бап. Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық есептіліктің мақсаты
Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық есептіліктің мақсаты мүдделі адамдарды мемлекеттік мекемелердің қаржылық жағдайы туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
245-бапқа сәйкес 115-бап 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
115-бап. Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық есептіліктің принциптері мен негізгі сапалық сипаттамалары
1. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті жасау принциптері есептен шығару және қызмет үздіксіздігі болып табылады.
Есептен шығару принципі ақы төлеу уақытына қарамастан, оларды жасау фактісі бойынша операциялардың нәтижелерін танумен қамтамасыз етіледі.
Қызмет үздіксіздігі принципі мемлекеттік мекеменің алдағы болашақта жұмыс істейтін ниеті бар екенін, қызметін таратудың немесе қызмет ауқымдарын едәуір қысқартудың қажеті болмайтынын білдіреді. Егер мұндай ниет немесе қажеттілік бар болса, онда қаржылық есептілік арнаулы ережелер бойынша жасалады.
2. Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық болып табылады.
Түсініктілік - қаржылық есептілікте берілетін ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
Орындылық - шешімдер қабылдайтын пайдаланушылар үшін ақпараттың орынды болуы және олардың оқиғаны бағалауына көмектесуі, бұрынғы бағаларын растауы немесе түзетуі тиіс.
Сенімділік - елеулі қателер мен бұрмалаушылықтардың болмауы және пайдаланушылардың ақпаратқа шынайы ақпарат ретінде сенуі.
Салыстырмалылық - әртүрлі кезеңдердегі және әртүрлі мемлекеттік мекемелердің ақпаратын салыстыру мүмкіндігі. Ұқсас операциялардың қаржылық нәтижелері барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай әдіснама бойынша жүзеге асырылуға тиіс.
245-бапқа сәйкес 116-бап 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
116-бап. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі
1. Бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді.
2. Есепке алу саясаты мемлекеттік мекемелер барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай болып табылатын қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну кезінде қолданатын принциптерді, негіздерді, ережелерді, қағидаларды және практиканы қамтиды. Есепке алу саясатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.
3. Бухгалтерлік есепке алудағы операциялар мен оқиғалар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары негізінде көрсетіледі.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін, мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу тәртібін, мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
5. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша қажет болған жағдайларда олардың қызмет ерекшелігін ескеріп және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің белгіленген тәртібін сақтай отырып, мемлекеттік мекемелерде өз жүйесінің бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерін қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығара алады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдары білімдері мен дағдыларын тексеру үшін міндетті сертификаттауға жатады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
245-бапқа сәйкес 117-бап 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
117-бап. Қаржылық есептілік
1. Қаржылық есептілік мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайы және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді.
2. Мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігі:
1) бухгалтерлік балансты;
2) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
2-1) қаржы қызметінің нәтижелері туралы есепті;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
2-2) таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есепті;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есепті;
4) түсіндірме жазбаны қамтиды.
3. Мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігі бастапқы құжаттармен расталады.
4. Мемлекеттік мекеме барлық операциялардың бірыңғай бухгалтерлік есепке алынуын жүргізеді.
5. Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
245-бапқа сәйкес 118-бап 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 118-бап өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 118-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
118-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептiлiк
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасауға мiндеттi.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бекітуге жатпайтын мемлекеттік бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасайды.
1. Жылдық қаржылық есептілік үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады.
2. Жаңадан құрылған мемлекеттік мекеме үшін бірінші есепті жыл ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезеңді қамтиды.
120-бап. Қаржылық есептілікті ұсыну
1. Мемлекеттік мекемелер қаржылық есептілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне табыс етеді.
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржылық есептілікті:
1) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға;
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ұсынады.
3. Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен беріледі.
4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аралық қаржылық есептілікті ұсыну мерзімін анықтауға және жылына кемінде бір рет өзге де кезеңділікті белгілеуге құқылы.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 120-1-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
120-1-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау
1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстан, қаржы қызметінің нәтижелері туралы есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
2. Бюджет түсімдері республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен көрсетіледі.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 120-2-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
120-2-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау
1. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісті қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстан, қаржы қызметінің нәтижелері туралы есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
2. Бюджет түсімдері облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен көрсетіледі.
6-бөлім. Бюджеттік есепке алу мен есептілік
24-тарау. Бюджеттік есепке алу
121-бап. Бюджеттік есепке алу бойынша негізгі ережелер
Бюджеттік есепке алу бірыңғай қазынашылық шоттан және мемлекеттік мекемелердің шоттарынан жасалатын операциялар туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері туралы ақшалай түрдегі ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелген, тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді.