«Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 63 бұйрығы

 «Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 63 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14936 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 сәуірде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Келісу комиссиясы - отырысқа тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды шақыра отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактілері бойынша қорытындылардың жобаларын, олардың толықтығы мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын оларда келтірілген бұзушылық фактілері дәлелдемелерінің сапасы тұрғысынан қарау мақсатында құрылған комиссия;

2) жұмыс органы - монополияға қарсы орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесі.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Келісу комиссиясы өз құзыреті шегінде:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындылардың жобасын енгізген күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде олардың толықтығы мен оларда келтірілген бұзушылық фактілері дәлелдемелерінің сапасы тұрғысынан қарайды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.