Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын қаржы агенті арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 шілдедегi № 517 Қаулысы
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктері;
2) «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын қаржы агенті болып айқындалсын.
2. «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 44 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.