«Фармацевтикалық инспектораттың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 365-НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2023 жылғы 2 мамырдағы № 161-НҚ бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 244-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығымен бекітілген Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларының 8-тармағына, тиісті фармацевтикалық практикалар талаптарына сәйкестігіне инспекциялау жүргізу мақсатында, сондай-ақ тиісті фармацевтикалық практикалар сәйкестігіне инспекциялау принциптеріне тиісті фармацевтикалық практикаларына оқытуға байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. «Фармацевтикалық инспектораттың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 365-НҚ бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Л.Р. Қашқымбаеваға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Төрағаның міндетін атқарушы | Л. Ахметнияз |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитеті төрағаның
міндетін атқарушысының
2023 жылғы 2 мамырдағы
№ 161-НҚ бұйрығына
қосымша
Фармацевтикалық инспекторлардың тізілімі
| № р/н | Аты, Әкесінің аты, Тегі (бар болса) | Лауазымы | Инспекциялау айналысы | ||||
| GMP | GDP | GPP | GCP | GLP | |||