«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 65 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 11 қарашадағы № 952 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 4, 50-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 17 ақпандағы
№ 65 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 15 наурыздағы
№ 113 қаулысына
2-қосымша
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы сараптама кеңесінің
құрамы