(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республиасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қаулысы

(2017.30.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 13 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 16 қаңтардағы

№ 13 қаулысымен

Бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

 

1. ҚР Үкіметінің 2015.25.12. № 1063 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. ҚР Үкіметінің 2017.30.01. № 29 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. «Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1398 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 646-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:

21, 69, 75, 76, 77 және 78-тармақтар алынып тасталсын;

74-тармақтағы «жүргізуге тиіс» деген сөздер «жүргізеді» деген сөзбен ауыстырылсын.

4. «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 48-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентінде:

3-тармақтағы «міндетті» деген сөз алынып тасталсын;

11-тармақта:

екінші абзацтағы «, оның ішінде шетелдік және халықаралық практикада қабылданған» деген сөздер алынып тасталсын;

үшінші абзацтағы «Ерікті» деген сөз алынып тасталсын;

12-тармақтағы «3-тармағына» деген сөздер «3 және 4-тармақтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;

14-тармақ алынып тасталсын;

15-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) үлгілерді сәйкестендіру, іріктеу және оларды сынау;»;

9) тармақшадағы «объектіні» деген сөз «өнімді» деген сөзбен ауыстырылсын;

17-тармақ алынып тасталсын;

18-тармақтың бірінші абзацында:

«он бес» деген сөздер «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;

«он» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын;

20-тармақтың екінші абзацындағы «осы Регламенттің 11-тармағына сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын;

21-тармақта «зертхана» деген сөзден кейін «немесе өтінім беруші тағайындаған сарапшы-аудиторлардан тұратын комиссия»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Үлгілерді іріктеу осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен рәсімделеді.»;

23-тармақта:

екінші абзацтағы «сертификаттық сынақтарды өткізген зертханаларда» деген сөздер алынып тасталсын;

үшінші абзац алынып тасталсын;

31 және 49-тармақтардағы «өндіріс немесе» деген сөздер алынып тасталсын;

32-тармақта:

екінші абзацтағы «сәйкестік туралы» деген сөздер алынып тасталсын;

2) тармақшадағы «және өндіріс» деген сөздер алынып тасталсын;

3) тармақшадағы «міндетті» деген сөз алынып тасталсын;

33-тармақтағы «сәйкестік туралы» деген сөздер алынып тасталсын, «қоса берілуге тиіс» деген сөздер «қоса беріледі» деген сөздермен ауыстырылсын;

35-тармақтағы «өндірістің сертификатталуына» деген сөздер алынып тасталсын;

36-тармақта:

үшінші абзацтағы «Сертификатта мыналар көрсетілуге тиіс:» деген сөздер «Сертификат стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші, бесінші абзацтар алынып тасталсын;

38-тармақта:

бірінші абзацтағы «өндіріс сертификатталған немесе» деген сөздер алынып тасталсын;

екінші абзац алынып тасталсын;

43-тармақтағы «жасалады» деген сөз «жасауға рұқсат етіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;

44-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Соның негізінде берілген құжаттармен бірге Сәйкестік сертификатының берілген көшірмелерінің саны туралы ақпарат оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде бір жыл бойы Органда сақталады.»;

45-тармақтағы «осы сертификатты» деген сөздерден кейін «берген» деген сөзбен толықтырылсын;

52-тармақтың бірінші абзацындағы «аккредиттелген зертханада» деген сөздер «сынақ зертханасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

57-тармақтың 2) тармақшасындағы «міндетті» деген сөз алынып тасталсын;

61-тармақтың 9) тармақшасындағы «сертификаттау жөніндегі қызметке» деген сөздер «сертификатталған қызметіне» деген сөздермен ауыстырылсын;

63-тармақтағы «бір ай» деген сөздер «он күн» деген сөздермен ауыстырылсын;

80-тармақтың 2) тармақшасындағы «техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға» деген сөздер «техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;

91-тармақтың бірінші абзацындағы «10» деген сандар «3» деген санымен ауыстырылсын;

Техникалық регламентке 1-қосымшада:

5-бағанның тақырыбындағы «Сертификаттаудың» деген сөз «Сертификаттың» деген сөзбен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 5-жолдың 3-бағанындағы «Өндірісті немесе» деген сөздер алынып тасталсын;

реттік нөмірі 7-жолдың 4-бағанындағы «Белгіленбейді» деген сөздер 5-бағанға «Белгіленеді бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 8-жолдың 4-бағанындағы «Белгіленбейді» деген сөз алынып тасталып, 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды»;

реттік нөмірі 9-жолда:

2-бағандағы «сәйкестік туралы» деген сөздер алынып тасталсын;

4-бағандағы «Белгіленбейді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды» деген сөздер 5-бағанға «Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 10-жолдың 2-бағанындағы «сәйкестік туралы» деген сөздер алынып тасталсын;

Ескертпенің екінші абзацындағы «өндіріске немесе» деген сөздер алынып тасталсын;

Техникалық регламентке 4-қосымшада:

«сәйкестікті растау жөніндегі орган өкілі» деген сөздер алынып тасталсын.

5. ҚР Үкіметінің 2012.30.07. № 1004 Қаулысымен күші жойылды (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. «Синтетикалық жуғыш құралдар және тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы № 217 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 119-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:

41-тармақтың 2) тармақшасындағы «(пиктограммамен сәйкестікке)» деген сөздер алынып тасталсын.

7. ҚР Үкіметінің 2017.30.01. № 29 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)