Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығы
(2022.20.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.13.04. № 35 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 154-3-бабының 8-тармағына және 230-бабына және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1-тармағына және 20-бабының 5), 6) және 11) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.19.12. № 95 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021.15.06. № 62 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту тәртібі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іріктеу тәртібі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдердің болжамды тізбесі;