«Астана қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 133/16-VIII шешімі

Астана қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 133/16-VIII шешімі

 

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 2-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Астана қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;

осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі;

осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Астана қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

2. «Нұр-Сұлтан қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды анықтау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 512/68-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1275 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Аталған шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткесін күшіне енеді.

 

 

Астана қаласы мәслихатының төрағасы

Е. Каналимов

 

Астана қаласы мәслихатының

2023 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 133/16-VIII шешімі

№ 1-қосымша

 

 

Астана қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары

 

Р/с №

Арнайы орын атауы

Материалдық-техникалық жарықтандырылуы

Шекті толу саны

1.

Ш. Құдайбердіұлы даңғылы мен А. Пушкин көшесі қиылысындағы шағынбақ

Жер учаскесінің аумағы - 4380 ш.м; көше жарығы;

электр энергиясын қосу нүктесі;

бейнебақылау және бейнежазба камералары;

35 тұрақ орны (1 кіру, 1 шығу)

1000 адам

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.