«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ Заңы (2026.02.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды

11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісіне бұрын оған қолданылған ықпал ету шараларына немесе санкцияларға қарамастан, осы бапта айқындалған шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды

12. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісіне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, жазбаша нұсқаманы, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді орындау жөніндегі мерзімді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұзартуы мүмкін.

 

 

5-тарау. ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫ

 

25-бап. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

1. Төлемдер азаматтық-құқықтық мәмілелер шарттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен сот шешімдерінің негізінде және соларға сәйкес жүзеге асырылады.

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары төлем құралдары негізінде немесе олар пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

 Төлем құжаттарының нысандары, міндетті деректемелері және олардың мазмұнына қойылатын басқа да талаптар, электрондық төлемдер құралдарын пайдалану ерекшеліктері, электрондық банк қызметтерін көрсету жəне экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдерді тағайындау тəртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мәліметтер мен деректемелер көрсетілетін төлем қызметтерін беруші не төлем жүйесінің операторы беретін штрих код түрінде ұсынылуы мүмкін.

Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші немесе төлем жүйесінің операторы кәсіпкерлік қызмет шеңберінде ұсынылған тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асыру үшін беретін штрих кодтың ұлттық стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп әзірлейді. Штрих кодты пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін ұйымның Штрих кодтың ұлттық стандартына қайшы келмейтін өзге де стандарттары пайдаланылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, штрих кодты пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыру үшін пайдаланылатын деректемелердің банктік құпияны қамтымайтын ең аз тізбесін белгілейді.

3. Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер және (немесе) ақша аударымдары қолма-қол ақшаны пайдалана отырып та, сондай-ақ оларды пайдаланбастан (қолма-қол ақшасыз төлемдер) да мынадай:

1) қолма-қол ақша беру;

2) электрондық ақша беру;

3) төлем құжаттарын пайдалана отырып ақша аудару;

4) ақшалай міндеттеме немесе ақша төлеу туралы бұйрық қамтылатын төлем құжатын беру;

5) электрондық төлем құралдарын пайдалану тәсілдерімен жүзеге асырылады.

4. Төлемге және (немесе) ақша аударымына бастамашылық жасау:

1) бастамашының төлем құжатын көрсетуі;

2) ұстаушының электрондық төлем құралдарын пайдалануы;

3) бастамашының электрондық терминалдар мен өзге де құрылғылар арқылы ақша аудару үшін қолма-қол ақшаны енгізуі;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) бастамашының төлемді, оның ішінде мобильдік төлемді қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы жүзеге асыруға келісімді жіберуі арқылы жүргізіледі.

5. Қолма-қол ақшамен төлемдер төлемдi жүзеге асыратын тұлғаның заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар және (немесе) монеталар түріндегі қолма-қол ақшаны осы тұлғаның ақшалай міндеттемесі бар тұлғаға нақты беруі болып табылады.

6. Қолма-қол ақшамен төлемдер ақшалай мiндеттемесi орындалып отырған тұлғаға тiкелей не делдал арқылы жүзеге асырылады.

7. Қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары банктік шоттарды пайдалана отырып, сондай-ақ оларды пайдаланбастан теңгемен және шетел валютасымен төлем құралдары негізінде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Заңды тұлғалар, заңды тұлғаның филиалдары немесе өкілдіктері көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арқылы жүзеге асыратын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары банктік шоттар және (немесе) электрондық әмияндар пайдаланылып қана жүзеге асырылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігі заңды тұлғалардың бюджетке төлемдерді, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үшін төлемдерді, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеуіне қолданылмайды.

2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен асатын мәміле бойынша төлемдерді қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкерлер немесе қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің пайдасына заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалар қолма-қол ақшасыз тәртіппен ғана жүзеге асырады.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9-1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдер қолма-қол ақшасыз тәртіппен, оның ішінде уәкілетті компанияның банктік шотына қолма-қол ақша енгізу арқылы Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде уәкілетті компаниямен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы тіркелген шарттың болуы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді ақша жөнелтуші банктің жүзеге асыруы үшін негіз болып табылады.

10. Банктер «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты береді.

10-1. 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде болатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өз қызметін жүзеге асыратын орындарда төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнатуды және қолдануды және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті.

Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған жағдайларда және тәртіппен төлем ұйымдарының лездік төлемдер жүйесіне қатысуына жол беріледі.

Лездік төлемдер жүйесі арқылы төлемдерді жүзеге асыру кезінде бенефициардың пайдасына ақшаны есепке жатқызуды бенефициарға қызмет көрсететін төлем қызметтерін беруші - лездік режимде лездік төлемдер жүйесіне қатысушы қамтамасыз етеді.

Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арасында ақша аудару (түпкілікті есеп айырысу) лездік төлемдер жүйесі арқылы клиринг нәтижелері бойынша жасалады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі ақшамен қамтамасыз етіледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар сауда операцияларын, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүргізу кезінде ақшалай есеп айырысуды қолма-қол ақшаны пайдаланбай жүзеге асыратын дара кәсіпкерге және (немесе) заңды тұлғаға қолданылмайды.

12. Бенефициардың пайдасына ақша аударуды банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақша аударымдары жүйелерін пайдалану арқылы ұлттық немесе шетел валютасымен жүзеге асыра алады.

Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бенефициардың пайдасына ақша аударуды жүзеге асыруды ақша аударымдары жүйесінің форматтары мен қағидаларына сәйкес қамтамасыз етуге тиіс.

2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

13. Төлем ұйымдарының төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырудан бас тартуы осы Заңда және «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргізіледі.

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

14. Клиентке үшінші тұлғалардың төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруына қолжетімділік алуына алып келген, үшінші тұлғаларға банк шотына не төлем құралына не сәйкестендіру құралына қолжетімділікті ұсынуға, сондай-ақ төлем құралын не сәйкестендіру құралын беруге, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына, сондай-ақ заңнамада белгіленген жағдайларда өзге де тұлғаларға осындай қолжетімділікті беруді қоспағанда, тыйым салынады.

Клиентке материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін үшінші тұлғаның мүддесінде немесе үшінші тұлғаның пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.

Жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының, сондай-ақ заңнамада белгіленген жағдайларда өзге де тұлғалардың банктік шотын, төлем құралын не сәйкестендіру құралын пайдалануды қоспағанда, үшінші тұлғалардың банктік шотын, төлем құралын не сәйкестендіру құралын пайдалана отырып, төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.

 

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 25-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

25-1-бап. Антифрод-орталық

1. Антифрод-орталық:

1) қаржы ұйымдарынан, төлем ұйымдарынан, ұялы байланыс операторларынан және қылмыстық қудалау органдарынан келіп түскен, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша оқиғалар мен әрекеттенулер туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды және сақтауды жүзеге асырады;

2) белгіленген өлшемшарттарға сәйкес алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларына жатқызылған, қаржы ұйымдарына, төлем ұйымдарына, ұялы байланыс операторларына, қылмыстық қудалау органдарына қажетті, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі деректерді өңдейді және талдайды;

3) алаяқтық белгілері бар төлем операцияларын болғызбау үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде қатерлер, осал тұстар, оқиғалардың туындауының алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және зардаптарын жою әдістері туралы ақпаратты қаржы ұйымдарына, төлем ұйымдарына, ұялы байланыс операторларына, қылмыстық қудалау органдарына ұсынады;

4) қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, өз қызметі процесінде алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары мен құқық қорғау органдарының ақпараты негізінде Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес заңсыз деп танылатын жəне (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтауға жəне болғызбауға жəрдемдеседі;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған өзге де функцияларды орындайды.

2. Қаржы ұйымы, төлем ұйымы төлемді және (немесе) ақша аударымын (осындай төлемді және (немесе) ақша аударымын жасауға әрекеттенуді, орындалу процесіндегі төлемді және (немесе) ақша аударымын қоса алғанда):

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) егер алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын анықтағаны туралы клиенттің жолданымы болса;

2) егер қылмыстық қудалау органынан расталған ақпарат болса;

3) егер қаржы ұйымының, төлем ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес осындай негіздер болса;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) егер ақша жөнелтуші жəне (немесе) төлемнің және (немесе) ақша аударымының бенефициары алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары мен әрекеттену туралы дерекқорда болса, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы деп таниды.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

1) антифрод-орталықтың қызметін жүзеге асыру жəне антифрод-орталықтың өз қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау тəртібі;

2) антифрод-орталықтың алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары мен əрекеттері туралы дерекқорды қалыптастыру мен жүргізуді жəне антифрод-орталықтың қызметіне қатысатын адамдарға оған қолжетімділік беруді жүзеге асыру тəртібі;

3) алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларына байланысты тұлғалар туралы антифрод-орталықтың ақпаратын алған кезде қаржы ұйымдарының, төлем ұйымдарының нұсқауды орындаудан бас тарту жəне оны тоқтата тұру тəртібі мен мерзімдері;

4) алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын жүзеге асырудың барлық оқиғалары жəне (немесе) əрекеттері туралы ақпаратты қаржы ұйымдарының, төлем ұйымдарының антифрод-орталыққа жіберу тəртібі, нысандары мен мерзімдері;

5) клиентті қаржы ұйымы, төлем ұйымы антифрод-орталықтың дерекқорына қосқан жағдайда қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беру тəртібі мен түрлері, сондай-ақ клиенттің қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін алу үшін қаржы ұйымына, төлем ұйымына жүгіну тəртібі;

6) қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарының жəне құқық қорғау органдарының, қаржы ұйымдарының немесе төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес заңсыз деп танылатын жəне (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау жəне болғызбау мақсатында өзара іс-қимыл жасау тəртібі;

7) қылмыстық қудалау органынан алынған, прокурор санкциялаған, транзакцияны алаяқтық деп тану туралы хабарламада көрсетілген клиентке ақшаны қайтару тəртібі айқындалады.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары, ұялы байланыс операторлары, қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган антифрод-орталықтың қызметіне қатысатын тұлғалар болып табылады.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы анықталған кезде мынадай əрекеттерді жүзеге асырады:

1) банктік шот, электрондық əмиян бойынша нұсқауларды жəне (немесе) шығыс операцияларын орындауды тоқтата тұрады немесе төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасын бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бұғаттайды;

2) себептері мен негіздерін көрсете отырып, клиентпен жасалған шартта белгіленген тəртіппен клиентке клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша нұсқауларды жəне (немесе) шығыс операцияларын орындауды тоқтата тұру немесе төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасын бұғаттау туралы ақпарат береді;

3) клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша нұсқауларды жəне (немесе) шығыс операцияларын орындау тоқтатыла тұрған немесе төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасы бұғатталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өз клиентінің операцияларына, оның ішінде клиенттен мəн-жайларды анықтау жəне шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпарат алу бойынша талдау жүргізеді;

4) клиент талдау жүргізу мерзімі ішінде сұратылған ақпаратты бермеген жағдайда, банктік шотты, электрондық əмиянды клиенттен түсінік алатын кезге дейін бұғаттайды;

5) егер талдау нəтижелері бойынша қаржы ұйымы, төлем ұйымы транзакцияны алаяқтық деп танымау туралы шешім қабылдаса, қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары тоқтатыла тұрған төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асырады, егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, осы төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүргізуге, клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастауға немесе осы төлемнің жəне (немесе) ақша аударымының сомасынан бұғаттауды алып тастауға кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаса, клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастайды немесе төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастайды;

6) клиенттің алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыруға қатысуының негіздері немесе растауы болған кезде, клиентті алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру əрекеттері туралы базаға бір мезгілде енгізе отырып, антифрод-орталық арқылы қылмыстық қудалау органына кейіннен оның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген іс-шараларды жүргізуі үшін хабарлама жібереді.

Банктік шот, электрондық əмиян бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру кезінде осы бапта белгіленген нормалар шеңберінде клиент Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сəйкес қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін алу үшін қаржы ұйымына, төлем ұйымына жүгінуге құқылы.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қылмыстық қудалау органы антифрод-орталықтан хабар (ақпарат) алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаржы немесе төлем ұйымына одан арғы іс-қимылдар туралы, оның ішінде тоқтатыла тұрған төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру жəне (немесе) клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастау немесе төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастау үшін негіздердің бар не жоқ екендігі туралы хабар береді.

Қаржы немесе төлем ұйымдары антифрод-орталық хабардар етілген күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң қылмыстық қудалау органының одан арғы іс-қимылдар туралы шешімін алмаған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүргізуге, клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастауға немесе төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастауға кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаса, осы тоқтатыла тұрған төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асырады, клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастайды немесе осы төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастайды.

Қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес заңсыз деп танылатын жəне (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау жəне болғызбау мақсатында қаржы немесе төлем ұйымдарымен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін антифрод-орталықты пайдалануға құқылы.

Қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының жəне қаржы немесе төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес заңсыз деп танылатын жəне (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау, жолын кесу жəне болғызбау мақсатында өзара іс-қимыл жасау тəртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Қаржы не төлем ұйымы клиентті антифрод-орталықтың дерекқорына енгізу кезінде клиентке қаржылық көрсетілетін қызметтердің жəне (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беруден бас тартады не береді.

Қаржылық көрсетілетін қызметтердің жəне (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беру тəртібі мен түрлері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары антифрод-орталықтан алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларына қатысы бар адамдар туралы ақпарат алған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мерзімдерде және тәртіппен нұсқауларды орындаудан бас тартады немесе тоқтата тұрады.

7. Антифрод-орталық және антифрод-орталықтың қызметіне қатысатын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын жүзеге асырудың барлық оқиғалары және (немесе) әрекеттенулер туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған нысан бойынша, мерзімдерде және тәртіппен антифрод-орталыққа жіберуге міндетті.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Антифрод-орталық қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарына жəне құқық қорғау органдарына алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын деректерді беруге құқылы.