«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ Заңы (2026.02.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Антифрод-орталық алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары мен әрекеттену туралы дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады, оларға антифрод-орталықтың қызметіне қатысатын тұлғалардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен нақты уақыт режимінде қол жеткізуін ұсынады.

Антифрод-орталықтың өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де дереқорларды қалыптастыруға жəне жүргізуге құқығы бар.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара)

11. Антифрод-орталық клиенттің келісімінсіз қаржы ұйымдарымен, төлем ұйымдарымен, ұялы байланыс операторларымен, қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарымен жəне құқық қорғау органдарымен деректер алмасуды, клиент-жеке тұлға, оның жеке сәйкестендіру нөмірі, банктік шотының және (немесе) төлем карточкасының нөмірі, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаты, Қазақстан Республикасының аумағында болу мəртебесі туралы мəліметтерді жəне клиентті жəне оның қатысуымен болатын төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын сəйкестендіру үшін қажетті басқа да мəліметтерді, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарының дерекқорынан алынған мəліметтерді қамтитын, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректерді өңдеуді жүзеге асырады.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

12. Қаржы жəне төлем ұйымдарының осы бапқа сəйкес жүзеге асырылатын əрекеттері, оның ішінде клиенттің банк шоты, электрондық əмияны бойынша нұсқауларды жəне (немесе) шығыс операцияларын орындаудан бас тарту немесе оны тоқтата тұру, клиенттің банктік шотындағы немесе электрондық əмиянындағы ақша сомаларын бұғаттау, сондай-ақ банктік жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді беру қаржы жəне төлем ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шартта көзделген жауаптылыққа тартуға негіздер болып табылмайды.

 

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 26-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

26-бап. Орталық депозитарийдің функцияларын орындайтын мамандандырылған коммерциялық емес ұйымның қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру ерекшеліктері

1. Қаржы құралдарымен мәміле бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орталық депозитарийдің функцияларын орындайтын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым (бұдан әрі - орталық депозитарий) клиент пен орталық депозитарийдің арасындағы:

1) орталық депозитарийде ашылған клиенттің банктік шоты бойынша;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған клиенттің корреспонденттік шоты бойынша жасалған шарттың негізінде жүзеге асырады.

2. Клиенттің орталық депозитарийде ашылған банктік шоты бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы қаржы құралдарымен мәмілені немесе орталық депозитарийдегі банктік шоттарының есебінде бар қаржы құралдарына байланысты өзге де операцияларды тіркеу кезінде орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес орталық депозитарийдің төлем құжатын қалыптастыруы арқылы:

1) егер клиенттің қаржы құралдарымен мәмілені (операцияны) тіркеуге бұйрығын жөнелтуші клиенттің қаржы құралдарымен мәмілені тіркеуге бұйрығының негізінде орталық депозитарийге оның банктік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, осындай бұйрықтың;

2) егер ақша жөнелтуші сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарымен мәмілені тіркеуге бұйрығының негізінде орталық депозитарийге оның банктік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарымен мәмілені (операцияны) тіркеуге бұйрығының;

3) егер ақша жөнелтуші клирингтік ұйымның бұйрығы негізінде орталық депозитарийге оның банктік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, клирингтік ұйымның клирингтік сессия қорытындылары бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.

3. Қаржы құралдарымен мәміле бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру үшін немесе жүйелік маңызы бар төлем жүйесі арқылы қаржы құралдарына байланысты өзге де операцияларды тіркеу кезінде клиент жүйелік маңызы бар төлем жүйесінде орталық депозитарийдің төлем құжатын орындаған кезде жүйелік маңызы бар төлем жүйесінің операторына не операциялық орталығына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған оның корреспонденттік шотынан ақшаны есептен шығаруға келісім береді. Орталық депозитарий жүйелік маңызы бар төлем жүйесіне орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес:

1) егер клиенттің қаржы құралдарымен мәмілені (операцияны) тіркеуге бұйрығын жөнелтуші клиенттің қаржы құралдарымен мәмілені тіркеуге бұйрығының негізінде орталық депозитарийге оның корреспонденттік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, осындай бұйрықтың;

2) егер ақша жөнелтуші сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарымен мәмілені тіркеуге бұйрығының негізінде орталық депозитарийге оның корреспонденттік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарымен мәмілені (операцияны) тіркеуге бұйрығының;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелік маңызы бар төлем жүйесіне қатысушыларға бағалы қағаздармен қамтамасыз ете отырып, банктік қарыз берген жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы құралдарымен мәмілені (операцияны) тіркеуге біржақты бұйрығының негізінде төлем құжатын жібереді.

 

27-бап. Банктік шоттар

1. Банктік шот клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасында банктік шот шарты, корреспонденттік шот шарты және (немесе) банктік салым шарты жасалған кезде ашылады.

Ағымдағы немесе корреспонденттік шотты немесе банктік салымды ашу кезінде жасалатын шарт осы Заңның 13-бабының 4-тармағында көзделген көрсетілетін төлем қызметін ұсыну кезінде жасалатын шарт болып табылады. Клиентпен жасалатын өзге шарттарда көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынудың талаптарын белгілеуге жол беріледі.

Клиенттің банктік шот ашу туралы электрондық нысанда жіберген өтінішінің негізінде банктік шот шарты жасалғанға дейін банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиентке жеке сәйкестендіру кодын беруіне жол беріледі. Бұл ретте банктік шот клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасында банктік шот шарты жасалғаннан кейін ашылды деп есептеледі. Клиент банктік шот шартын жасамаған жағдайда, банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жеке сәйкестендіру кодын жояды.

2. Банкке және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға:

1) егер клиенттің банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған банктік шотына берілген уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері, үшінші тұлғалардың банктік шоттан ақшаны алып қою туралы талаптары болған және (немесе) оның банктік шотындағы ақшаға тыйым салынған жағдайларда, банктік шотта тыйым салынатын ақша сомасы жеткіліксіз болған кезде клиентке жаңа банктік шот;

2) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ол туралы ақпарат берілген әрекетсіз салық төлеушіге банктік шот;

3) анонимдік банктік шот немесе ойдан шығарылған атқа банктік шот;

4) «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда клиентке банктік шот ашуға тыйым салынады.

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Осы баптың 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларының ережелері:

2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) тиісті нормалары қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізілген, салық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болған кезде клиентке жаңа банктік шот ашу бөлігі) (бұр.ред.қара); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  1) тармақша өзгертілді

1) клиент - жеке тұлғаға мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті немесе мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, тұрғын үй жағдайларын жақсарту жəне (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан есепке жатқызылатын біржолғы зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны), тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтарды және (немесе) нысаналы жинақ төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан материалдық залалдың өтелуін жəне мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шотты;

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайға ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде банктік шот ашу жағдайларына қолданылмайды.

Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының бей- резидент банктерімен жасалған шарттардың және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарын орындау шеңберінде банктік шот ашудан бас тартуына жол беріледі.

4. Банктік шоттар клиенттердің ағымдағы және жинақ шоттары, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары болып бөлінеді.

5. Клиенттің ағымдағы шоты бойынша:

1) банктің клиент ақшасының болуын қамтамасыз етуіне және оны пайдалануына;

2) клиенттің пайдасына ақшаны қабылдауға (есепке жатқызуына);

3) банктік шот шартында көзделген тәртіппен ақшаны үшінші тұлғалардың пайдасына аудару туралы клиенттің нұсқауын орындауға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) банктік шот шартында көзделген негіздер бойынша клиенттің ақшасын алып қою туралы үшінші тұлғалардың нұсқауларын орындауға;

5) көрсетілген шартта және осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда клиенттен қолма-қол ақша қабылдауды және оған беруді жүзеге асыруға;

6) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) клиенттің талабы бойынша клиенттің банктегі ақша сомасы және банктік шот шартында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүргізілген операциялар туралы ақпарат беруге;

8) клиентке банктік шот шартында, Қазақстан Республикасының заңнамасында және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дағдыларында көзделген өзге де банк қызметін көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар орындалады.

6. Клиенттің жинақ шоты бойынша:

1) банктің клиентке тиесілі ақшаның болуын қамтамасыз етуіне және оны пайдалануына;

2) клиенттен немесе үшінші тұлғалардан ақшаны қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз да тәсілмен қабылдауды жүзеге асыруға;

3) банктік салым шартында айқындалатын мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге;

4) банктік салым шартында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптармен, оның ішінде оларды клиенттің басқа банктік шотына аудару жолымен клиентке ақшаны қайтаруға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) банктік шот шартында көзделген негіздер бойынша клиенттің ақшасын алып қою туралы үшінші тұлғалардың нұсқауын орындауға байланысты операциялар орындалады.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның корреспонденттік шоты бойынша:

1) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның немесе оның клиенттерінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауға (есепке жатқызуға);

2) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның немесе оның клиенттерінің міндеттемелерін орындау мақсатында банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға не үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы нұсқауын орындауға;

3) көрсетілген шартта және осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға корреспонденттік шоттан қолма-қол ақша қабылдауды және оны беруді жүзеге асыруға;

4) корреспонденттік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге байланысты операциялар орындалады.

Корреспонденттік шоттар банктер арасында, сондай-ақ банктер мен «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктер арасында, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында, банктер мен Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдары арасында ашылады.

Банктердің «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктерге корреспонденттік шоттар ашу және жүргізу ерекшеліктері, оның ішінде валюта мен операциялар тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-1. Банктік шоттардан қолма-қол ақша беру кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес және, егер аз мөлшер банктік шот шартында көзделмесе және оны Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі белгілемесе, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалған сомалар мөлшері шегінде жүзеге асырылады.

8. Осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген операциялар жүргізілмейтін, сондай-ақ банктегі немесе банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы бухгалтерлік есептің позицияларын көрсететін шоттар, баланстық шоттың құрауыштары болып табылатын жеке шоттар (қосалқы позициялар), оның ішінде несиелік шоттар банктік шоттар болып табылмайды.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

9. Клиентке «эскроу-шот» режимінде банктік шот ашуға рұқсат етіледі.

Атына эскроу-шот ашылған тұлға клиент айқындаған шарттарды орындамаған және банктік шот шарты бойынша мұндай талаптардың басталу немесе орындалу мерзімі аяқталған жағдайларда, банк эскроу-шот ашқан клиентке ақшаны қайтарады.

Эскроу-шоттағы ақшаға эскроу-шот шартының талаптарына байланысты іс жөніндегі сот актісі бойынша ғана тыйым салуға және өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді

10. Клиенттердің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасына өндіріп алу қолданылған жағдайда, мұндай өндіріп алу клиенттердің банктік шоттарынан ғана жүргізіледі.

Банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолдану банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өз міндеттемелері бойынша ғана жүргізіледі.

Мыналарға:

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін жəне мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1) тармақша өзгертілді

2-1) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;

Тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі және екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақша осы тармақшаға сәйкес, жеке дербес шоттар (субпозициялар) ашу арқылы бөлек есепке алынуға жатады;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 2-2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-2) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайға ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы ақшаға;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-3) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;

3) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;

4) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;

2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерге;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

5-2) номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

5-3) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді