«Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 54 Қаулысы

Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 54 Қаулысы

 

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2. «Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары және оның қызметіне қатысатын адамдармен өзара іс-қимылы бойынша деректер алмасу орталығының қызметін жүзеге асыру тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 43 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34772 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп, осы Қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастыру;

3) Осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.