Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметін жүзеге асыру және оның қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 43 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 54 Қаулысымен күші жойылды
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігіне, 6, 8 және 10-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметін жүзеге асыру және оның қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2024 жылғы 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.