«Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 9 шілдедегі № 65 бұйрығы

«Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 9 шілдедегі № 65 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33441 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) Арнаулы мемлекеттік қор (бұдан әрі - Қор) - Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық жобаларын, сондай-ақ заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның шығыстарын қаржыландыру мақсатында ақшаның түсімдерін есепке жатқызу мен оларды жұмсау үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;

2) әлеуметтік жобалар - денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын, мүгедек адамдарды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ауыл жастарын, жұмыссыздарды, моноқалалар, ауылдық елді мекендер тұрғындарының мұқтаждықтары үшін коммуналдық және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым объектілерін қолдау саласындағы жобалар және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де жобалар;

3) экономикалық жобалар - экономика салаларын дамытуға, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге қажетті өндірістерді құруға (жаңғыртуға) бағытталған жобалар.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.