Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 бұйрығы
(2026.05.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025.05.01. № 1 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакццияда (2025 ж. 20 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)
«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025.05.01. № 1 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакццияда (2025 ж. 20 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.