«Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы

 «Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33441 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау тәртібінде:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидалары»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жобаларды айқындаудың өлшемшарттары:

1) жобалардың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларына және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкестігі;

2) жобалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес бюджеттік инвестициялық саясаттың басым бағыттарының біріне (экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымдық-инновациялық даму, әлеуметтік саланы жаңғырту) сәйкестігі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.