«Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 512 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 11 қыркүйекте № 9729 тіркелді) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидалары:
мынадай мазмұндағы 12-тараумен толықтырылсын:
«12-тарау. Бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғандарға күтім жасау үшін сотталғандардың кандидатураларын келісу және олардың қызметін бақылау.»;
мынадай мазмұндағы 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91 және 92-тармақтармен толықтырылсын:
«84. Бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталған егер оған күтім жасау қажет болған жағдайда осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекеме бастығының атына оған күтімді жасау үшін сотталғандар қатарынан кандидатураны келісуге өтінім жазады.
85. Бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғандарға күтім жасайтын адамдар ретінде:
- оң мінез-құлық дәрежесі бар;
- жазаны өтеудің жеңілдетілген жағдайларында ұсталатын;
- бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғандарға күтім жасауды жүзеге асыру үшін Әлеуметтік кодекстің 172-бабы 3-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ;
- бірінші топтағы мүгедектігі бар адаммен мекеменің бір жасағында тұратын сотталғандар тартылады.
86. Бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталған адамға күтім жасайтын адам ретінде сотталған адамның кандидатурасы мекеме бастығымен бекітілген комиссияның отырысында жазбаша өтінім түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде айқындалады.