«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 167-VІ Заңы (2026.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасына қатысты шекті мəнге жеткен кезде Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаттарын растау жөніндегі талаптар жəне оны мəлімделген мақсаттарға пайдалану тəртібі қолданылатын шекті мəн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

7. 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

11-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қолма-қол шетел валютасын басқа қолма-қол шетел валютасына немесе қолма-қол ұлттық валютаға сатып алуды және (немесе) сатуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өздеріне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйымдар немесе уәкілетті банктер жүзеге асырады. Өзге тұлғалар Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату жөніндегі қаржылық қызметтер көрсетуге құқылы емес.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Айырбастау пункттерінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату, қолма-қол шетел валютасын басқа қолма-қол шетел валютасына немесе қолма-қол ұлттық валютаға сатып алу және (немесе) сату бағамдарын белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын қолма-қол ұлттық валютаға сатып алу бағамдарының сату бағамдарынан ауытқу шектерін белгілеуге құқылы. Шетел валюталарының түрлерін және оларға сәйкес келетін бағамдардан ауытқу шектерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

 

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өзіне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін айырбастау пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.

Уәкілетті банк айырбастау пункті қызметінің басталғаны туралы хабардар етуді айырбастау пункті операцияларды жүргізуді бастаған күннен кешіктірмей жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі хабардар етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті банкке хабарламаны алғанын растайды.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияның және уәкілетті ұйымның әрбір айырбастау пунктіне берілетін лицензияға қосымшаның негізінде қызметін жүзеге асырады.

Уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған, құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды өзінің айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыруға құқылы.

Уәкілетті ұйымның басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуына жол берілмейді.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Уәкілетті ұйымдарға құрылтайшыларға (қатысушыларға) қойылатын талаптарды, оның ішінде уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына олардың салымдарының шығу көздерін ашып көрсетуді, құрылтайшылардың (қатысушылардың) мінсіз іскерлік беделі бойынша талаптарды, ұйымдық-құқықтық нысанына, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, сондай-ақ айырбастау пункттерінің үй-жайына, жабдығына және персоналына қойылатын талаптарды қамтитын біліктілік талаптары қойылады.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Уәкілетті ұйымда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясын және (немесе) оған қосымшаны алу үшін айырбастау пунктін орналастыруға арналған үй-жайдың болуы міндетті.

Уәкілетті ұйымдар лицензияны және (немесе) оған қосымшаны алу үшін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне шетел валютасындағы шотының бар екені туралы уәкілетті банктің анықтамасын ұсынады.

Құжаттар Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында айқындалған шарттарда және тәртіппен ұсынылады.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияны (оған қосымшаны қоса алғанда) беру немесе лицензияны (оған қосымшаны қоса алғанда) беруден бас тарту уәкілетті ұйым осы Заңда және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген барлық құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Жарамды лицензияға қосымшаны беру, лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеу немесе осындай құжаттарды беруден бас тарту уәкілетті ұйым осы Заңда және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген барлық құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беруден, қайта ресімдеуден бас тартылған кезде өтініш берушіге уәжді жауап беріледі.

6. Лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін:

1) осы Заңда және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбау;

2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің осы Заңда және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Уәкілетті ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын қоса алғанда, оларды лицензиялау, уәкілетті банктің айырбастау пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар ету тәртібі, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар, айырбастау пункттерінің жұмыс істеу шарттары және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүргізу тәртібі, сондай-ақ есептердің нысандары және уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың оларды ұсыну мерзімдері Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында айқындалады. 

 

 

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ МОНИТОРИНГТЕУ.
ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК БАНКТЕРДЕГІ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ШОТТАР ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУ

 

13-бап. Валюталық операцияларды мониторингтеу

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Валюталық операцияларды мониторингтеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операцияларға қатысушы резиденттерден жəне (немесе) валюталық операцияларды жүзеге асыратын уəкілетті банктерден валюталық операциялар, сондай-ақ шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар туралы ақпарат алу арқылы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін:

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) капитал қозғалысы операциялары жəне оларға теңестірілген операциялар солардың негізінде жəне (немесе) оларды орындау үшін жүргізілетін валюталық шарттарға (бұдан əрі - капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттар) есептік нөмірлер береді жəне олар бойынша жүргізілетін валюталық операциялар мен олармен байланысты бейрезиденттерге қойылатын талаптар жəне бейрезиденттер алдындағы міндеттемелер туралы ақпарат алады;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) валюталық операциялар бойынша жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратты қоса алғанда, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарламалар жəне (немесе) мəліметтер алады;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) резиденттер (банктерді жəне шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) ашқан шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар туралы мəліметтер алады жəне осындай шоттарға есептік нөмірлер береді;

4) шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республика сында қызметін жүзеге асыратын филиалдарынан (өкілдіктерінен) тұрақты негізде ақпарат алады;

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 679-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына сəйкес, бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірісі деп танылатын операциялар туралы мəліметтерді мемлекеттік кірістер органына ұсынады.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Заңда белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе уəкілетті банктер валюталық операциялардың мониторингін ұйымдастыру жəне жүзеге асыру үшін, солардың негізінде жəне (немесе) оларды орындау үшін валюталық операциялар жүзеге асырылатын валюталық шарттарға, сондай-ақ резиденттердің (банктерді жəне шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына есептік нөмірлер береді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға, резиденттердің (банктерді жəне шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына, сондай-ақ есеп айырысулар осындай шоттар арқылы жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер береді. Уəкілетті банктер есеп айырысулар уəкілетті банктердегі шоттар арқылы жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер береді.

Егер валюталық шартта капитал қозғалысы бойынша операциялардың немесе оған теңестірілген операциялардың жүргізілуі жəне экспорттың немесе импорттың жүзеге асырылуы көзделсе жəне ол бойынша есеп айырысулар уəкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүзеге асырылса, онда резидент (уəкілетті банкті жəне шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) осындай валюталық шартқа есептік нөмір беруі үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тəртіппен уəкілетті банкке жүгінеді.

Егер валюталық шартта қаржылай қарыз, оның ішінде лизинг беруші мен лизинг алушы арасында қаржы лизингі, инвестициялық жобаларды іске асыруға гранттар беру жəне экспортты немесе импортты жүзеге асыру көзделсе жəне ол бойынша есеп айырысулар уəкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүзеге асырылса, резидент (уəкілетті банкті жəне шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) осындай валюталық шартқа есептік нөмір беруі үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тəртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жəне уəкілетті банкке жүгінеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға, резиденттердің (банктерді жəне шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына, сондай-ақ есеп айырысулары осындай шоттар арқылы жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер беру бойынша іс-қимылдар жасауы əкімшілік актінің қабылдануына байланысты болмайды.

3. Валюталық шартқа есептік нөмір берілген кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе уәкілетті банк валюталық шартқа қатысушы - резиденттен валюталық шарттың ұсынылған көшірмесіне қосымша мынадай ақпаратты және (немесе) құжаттарды:

1) сәйкестендіру деректерін, тіркелу елін, валюталық шарт тарапының валюталық шарттың басқа тарапының капиталына қатысуы туралы мәліметтерді қоса алғанда, валюталық шартқа қатысушылар туралы мәліметтерді;

2) валюталық шарттың деректемелері мен сомасын, валюталық шарттың және ол бойынша есеп айырысулардың валютасын, валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды аяқтау күнін қоса алғанда, мәміле туралы мәліметтерді;

3) мәміле бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылатын шоттар туралы мәліметтерді;

4) валюталық шартқа қатысушылары енгізген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды және жүзеге асырылатын мәмілеге байланысты валюталық шартқа қатысушылардың өзге де құжаттарын талап етуге құқылы.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға, резиденттердің шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына, есеп айырысулары шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар арқылы жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер беруі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан қандай да бір міндеттемелерсіз жүзеге асырылады. Есептік нөмірдің болуы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауаптылықтан босату үшін негіз болып табылмайды.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

5. Резидент (банкті жəне шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беру жəне шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа есептік нөмір беру үшін мəліметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландыру рəсімдерін сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық тəсілмен ұсынады.

Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша есептерді, шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шоттағы ақша қозғалысы бойынша есептерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландыру рəсімдері сақтала отырып, ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық тəсілмен жүзеге асырылады.

 

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14-бап. Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша валюталық операцияларды мониторингтеу

1. Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беріледі. Валюталық шартқа қатысушы резидент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептік нөмір берілген капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша мəліметтер мен есептерді ұсынады.

Резиденттер (банктерді жəне шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) қатысушылары болып табылатын капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер берілуге тиіс.

2. Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа қатысушы болып табылатын резидент (банкті жəне шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілуі үшін оның тараптарының кез келгені осындай валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін жүгінеді.

Егер капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді резидент орындар алдында мүлік бейрезиденттен резиденттің пайдасына берілсе (ақша түссе), онда капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мүлік резиденттің билік етуіне берілгенге (ақша түскенге) дейін жəне (немесе) түскен ақша резиденттің уəкілетті банктердегі банктік шоттарына есепке жатқызылғанға дейін жүзеге асырылады.

Егер капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу нəтижесінде есептік нөмір беруге арналған өлшемшарттар мен талаптарға сəйкес келсе, онда капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беру тараптар енгізілген өзгерістермен жəне (немесе) толықтырулармен бірге капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін (егер капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін бейрезидент міндеттемені орындауды бастаса, мүлік резиденттің билік етуіне берілгенге (ақша түскенге) дейін) жүзеге асырылады.

Есептік нөмір берілуге тиіс капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша валюталық бақылау агенттерінің валюталық операцияларды жүргізуі есептік нөмір болған кезде ғана жүзеге асырылады.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттардың жəне оларға өзгерістердің жəне (немесе) толықтырулардың түпнұсқаларын, сондай-ақ капитал қозғалысы операциясын жүзеге асыруға қатысты жəне (немесе) ұсынылған құжаттарда сілтеме жасалған өзге де құжаттарды жəне (немесе) мəліметтерді танысу үшін сұратуға құқылы.

Шет тілінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмірді беру резидент талап етілетін құжаттар мен мəліметтерді ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қатысушылары болып табылатын капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша валюталық операциялар есептік нөмірлер берілмей жүзеге асырылады.

5. Резиденттердің (банктерді жəне шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлерді алу тəртібі жəне олардың міндеттемелердің туындауын, орындалуын жəне тоқтатылуын растайтын құжаттарды ұсыну мерзімдері, есептердің нысандарын жəне банктер мен осындай шарттарға қатысушылар болып табылатын резиденттердің оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша ақша қозғалысы мен міндеттемелердің өзге де орындалуын мониторингтеу тəртібі, талаптар мен өлшемшарттар, оның ішінде олар болған кезде осындай шарттарға есептік нөмірлер берілуге тиіс капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт сомасының шекті мəні жəне есептік нөмірлер беру рəсімдеріне жатпайтын жағдайлар Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларында айқындалады.

6. Осы баптың талаптары «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары оның аумағында жүргізетін валюталық операцияларға қолданылмайды.

 

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 15-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15-бап. Жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарламалар жəне (немесе) мəліметтер

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жүргізілген валюталық операциялар, оның ішінде клиенттердің тапсырмасы бойынша жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар етуді жəне (немесе) мəліметтер ұсынуды уәкілетті банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберілетін есептер нысанында жүзеге асырады.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Уәкілетті банктер төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу кезінде алынған мәліметтер негізінде, сомасы шекті мәнге тең болатын немесе одан асатын жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар етеді жəне (немесе) мəліметтер ұсынады.

Резидент немесе бейрезидент болып табылатын клиент шекті мәнге тең болатын немесе одан асатын сомада валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізу үшін уәкілетті банкке мынадай:

1) егер осы деректер төлем құжатында көрсетілгендермен сәйкес келмесе, төлем құжаты бойынша жөнелтушінің және бенефициардың тіркелген елі;

2) корпоративішілік ақша аударымының белгісі (заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшелерімен жүзеге асыратын немесе бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің арасында жүзеге асырылатын операциялар үшін);

3) төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілетін валюталық операцияның коды туралы мәліметтерді ұсынады.

Егер клиент резидент болып табылса, онда валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы соның негізінде және (немесе) оны орындау үшін жүргізілетін валюталық шарт бойынша қосымша мынадай:

1) төлем құжаты бойынша жөнелтушімен және бенефициармен сәйкес келмеген жағдайда, валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші және ақша алушы туралы мәліметтерді;

2) төлем құжаты бойынша жөнелтушімен және бенефициармен сәйкес келмеген жағдайда, валюталық шарт бойынша ақша жөнелтушінің және ақша алушының тіркелген елі;

3) валюталық шарттың деректемелері және валюталық шарттың есептік нөмірі (ол болған кезде) туралы мәліметтерді ұсынады.

Валюталық операция бойынша төлем жəне (немесе) ақша аударымы туралы осы тармақта көрсетілген мəліметтерді клиент уəкілетті банкке ұсынады немесе уəкілетті банк клиент ұсынған құжаттар жəне (немесе) мəліметтер негізінде Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде өз бетінше көрсетеді. Валюталық бақылау агенті ретінде уəкілетті банк валюталық операцияның кодын жəне осы тармақта көзделген өзге де мəліметтерді көрсетудің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Хабардар етуге жататын жəне (немесе) мəліметтері ұсынылуға тиіс валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымының сомасына қатысты шекті мән, валюталық операциялардың кодтары және осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Есептердің нысандарын жəне оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, уəкілетті банктердің жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар ету жəне (немесе) мəліметтер ұсыну тəртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

Мәліметтердің тізбесіне және «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушылардың тапсырмасы бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банктердің оларды ұсыну тәртібіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалады.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)