«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 167-VІ Заңы (2026.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операцияларды жасау мəн-жайларын нақтылау мақсатында валюталық бақылау агенттерінен немесе резидент жөнелтушіден немесе резидент бенефициардан мəліметтері жəне (немесе) хабарламасы ұсынылатын төлем жəне (немесе) ақша аударымы бойынша осындай төлем жəне (немесе) ақша аударымы валюталық шарт негізінде жəне (немесе) оны орындау үшін жүзеге асырылған осындай шарттың көшірмесін, сондай-ақ осындай валюталық шарт бойынша өзге де мəліметтерді талап етуге құқылы.

5. Осы баптың талаптары «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары оның аумағында жүргізетін валюталық операцияларға қолданылмайды.

 

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16-бап. Шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарды мониторингтеу

1. Резидент заңды тұлға (банкті жəне шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін шетелдік банкте, халықаралық қаржы ұйымында шот ашылғаны туралы осындай шотты пайдалана отырып операцияларды жүзеге асырғанға дейін оған есептік нөмір беру үшін осындай шот бойынша мəліметтерді ұсыну арқылы хабардар етеді. Шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа есептік нөмір беру резидент талап етілетін құжаттар мен мəліметтерді ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Резидент заңды тұлға (банкті жəне шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептік нөмірін көрсете отырып, шетелдік банкте, халықаралық қаржы ұйымында ашылған шотты пайдаланып жүргізілген операциялар бойынша ақпарат береді.

Есептік нөмір берілген шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шоттың деректемелері өзгерген немесе ол жабылған жағдайларда резидент заңды тұлға (банкті жəне шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.

Резиденттің шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы есептік нөмір берілуге тиіс шоттары бойынша есептік нөмірі болған кезде ғана осындай шотты пайдалана отырып, төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүргізу жүзеге асырылады.

2. Резидент жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттары туралы мəліметтерді ұсынбайды. Жеке тұлғалардың шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы меншікті шоттарынан (меншікті шоттарына) ақша аударымдары туралы мəліметтерді осындай ақша аударымдарын жүзеге асыратын уəкілетті банк Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тəртіппен ұсынады.

3. Резидент заңды тұлғалардың (банктерді жəне шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар үшін есептік нөмірлерді алу тəртібі, осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы жөніндегі есептердің нысандарын жəне оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, олардың шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шот деректемелерінің өзгергені немесе оның жабылғаны туралы хабардар ету тəртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларында айқындалады.

Уəкілетті банктердің жүргізілген валюталық операциялар туралы есептерді ұсыну тəртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

4. Осы баптың талаптары «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына қолданылмайды.

 

17-бап. Валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін ақпарат ұсыну

1. Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін бір жылдан астам жүзеге асыратын филиалдары (өкілдіктері) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне резиденттермен және бейрезиденттермен жасалған операциялар туралы ақпаратты есептер нысанында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұрау салуы бойынша ұсынады.

Есептердің нысандарын және оларды ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) жүзеге асырған кезде есептерді ұсынуы талап етілетін қызмет түрлерін қоса алғанда, шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпаратты ұсыну тәртібі шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларында айқындалады.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде жүргізілетін валюталық операциялар туралы мәліметтерді ұсыну бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына қойылатын талаптар, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының органдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тәртібі белгіленеді.

 

 

5-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

 

18-бап. Валюталық бақылау органдары, агенттері және субъектілері

1. Қазақстан Республикасында валюталық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, өзге де валюталық бақылау органдары мен агенттері осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.

Уәкілетті банктер, уәкілетті ұйымдар, сондай-ақ клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар валюталық бақылау агенттері болып табылады.

2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасында валюталық бақылау валюталық операцияларды жүзеге асыратын резиденттерге, оның ішінде қаржы ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын бейрезиденттерге (бұдан әрі - валюталық бақылау субъектілері) қатысты жүргізіледі.

Қаржы ұйымдарына қатысты валюталық бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізеді. Өзге тұлғаларға қатысты валюталық бақылауды мемлекеттік кірістер органы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және (немесе) басқа да валюталық бақылау органдары құзыреті шегінде жүргізеді.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқа да валюталық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ валюталық бақылау агенттерінің басқа да валюталық бақылау органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауын үйлестіреді.

 

19-бап. Валюталық бақылау органдары мен агенттерінің өкілеттіктері

1. Валюталық бақылау органдары мен агенттері өз құзыреті шегінде, резиденттер және бейрезиденттер Қазақстан Республикасында жүргізетін валюталық операциялардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес келуі бөлігінде осы операцияларды бақылауды жүзеге асырады.

2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Валюталық бақылау органдары валюталық операциялар бойынша есептілікті ұсыну тәртібін айқындауға, валюталық операцияларды жүргізуге байланысты құжаттарды және (немесе) ақпаратты сұратуға, Қазақстан Республикасында барлық резиденттер мен бейрезиденттердің орындауы үшін міндетті болып табылатын, анықталған бұзушылықтарды, олардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы талаптар қоюға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдауға құқылы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уəкілетті банктің валюталық операцияны жүргізуіне, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылауды іске асыруына байланысты мəліметтерді, құжаттарды жəне (немесе) ақпаратты уəкілетті банктен сұратуға құқылы.

3. Валюталық бақылау агенттері:

1) операциялар, оның ішінде клиенттердің тапсырмалары бойынша операциялар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

2) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктің толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге;

3) өздерінің клиенттері жол берген, өздеріне белгілі болған Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу фактілері туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының басқа да валюталық бақылау органдары мен құқық қорғау органдарына хабарлауға;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) валюталық бақылау органдарына өздерінің қатысуымен жүргізілетін валюталық операциялар туралы мəліметтерді, құжаттарды жəне (немесе) ақпаратты Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуға міндетті.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Валюталық бақылау органдары мен агенттері өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес электрондық нысанда ақпарат алмасу кезінде өздеріне белгілі болған, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынуды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтауға міндетті.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Валюталық бақылау агенті резиденттің жəне (немесе) бейрезиденттің валюталық операцияларын олар Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сəйкес талап етілетін құжаттарды жəне (немесе) мəліметтерді ұсынған жағдайда ғана жүзеге асырады.

6. Валюталық бақылау агенттері Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында осы Заңға сәйкес резиденттер мен бейрезиденттер валюталық операцияларды жүргізген кезде олардан:

1) жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжатты;

2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін - Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжатты (ол болған кезде);

3) заңды тұлғалар және заңды тұлға болып табылмайтын ұйымдар үшін - құрылтай құжаттарын және өзге де құжаттарды, оның ішінде осы тұлғаның қатысушыларын сәйкестендіретін құжаттарды;

4) валюталық шартты немесе оның көшірмесін, оның ішінде осы Заңда белгіленген жағдайларда есептік нөмір берілгені туралы белгісі бар валюталық шартты немесе оның көшірмесін;

5) осы Заңда белгіленген жағдайларда лицензияны;

6) валюталық шарттар бойынша міндеттемелердің орындалғанын не солардың негізінде міндеттемелерді орындау қажет болатынын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді;

7) осы Заңның 15-бабына сәйкес валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтерді талап етуге құқылы.

Уәкілетті банк валюталық шарттардың және осы тармақта талап етілетін өзге де құжаттардың түпнұсқаларын, сондай-ақ шет тілінде жасалған құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын танысу үшін сұратуға құқылы.

7. Валюталық бақылау агенттерінің жүргізілетін валюталық операцияға қатысы жоқ құжаттарды ұсынуды талап етуге құқығы жоқ.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Валюталық бақылау агенттері тұлға Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сəйкес талап етілетін мəліметтерді, құжаттарды жəне (немесе) ақпаратты ұсынбаған, ол анық емес құжаттарды ұсынған жағдайларда не Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген əрекеттерді жүзеге асырмаған кезде валюталық операцияны жүргізуден бас тартады.

 

20-бап. Валюталық бақылау нысандары

1. Валюталық бақылау органдары валюталық бақылау субъектілеріне қатысты валюталық бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырады.

2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қаржы ұйымдарына қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер, валюталық бақылау органының жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулері және бақылаудың өзге де нысандары жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тексерулер немесе өзге де бақылау нысандары шеңберінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында уəкілетті банктердің валюталық операцияларды ішкі бақылауды іске асыруы туралы мəліметтерді, құжаттарды жəне (немесе) ақпаратты сұратуға құқылы.

Валюталық операцияларды жүзеге асыратын өзге резиденттерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын бейрезиденттерге қатысты олар валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізген кезде валюталық бақылау рәсімдері, валюталық бақылау органының тексерулері және бақылаудың өзге де нысандары жүргізіледі.

2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Валюталық бақылау органдары бақылаудың өзге де нысандарын:

1) уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің үй-жайы мен жабдығын біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарап-тексеру;

2) валюталық бақылау агентіне валюталық бақылауды тиісінше жүзеге асыру мақсатында орындалуы міндетті тапсырма жіберу;

2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын ықтимал бұзғаны туралы ақпараттың келіп түсуіне байланысты валюталық бақылау органы сұратқан, валюталық операцияның жүргізілуіне байланысты ақпаратты, есептілік пен құжаттарды және Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынылатын өзге де ақпаратты (есептілікті) талдау арқылы жүзеге асырады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бақылаудың өзге де нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ғана жүзеге асырады.

4. Бақылаудың өзге де нысанын жүзеге асыру рәсімдері:

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) рұқсат беру бақылауы шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы және (немесе) оған қосымша берілгенге дейін, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан уәкілетті ұйымның айырбастау пунктіне арналған үй-жайға баруды және оны қарап-тексеруді, жабдықты қарап-тексеруді қамтиды. Бару және қарап-тексеру заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясын және (немесе) оған қосымшаны алуға келіп түскен өтініші негізінде жүзеге асырылады. Қарап-тексерудің нәтижелері заңды тұлғаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясын және (немесе) оған қосымшаны беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде ескеріледі;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) валюталық бақылау агентіне тапсырманың мəні жəне оны орындау мерзімдері көрсетілген жазбаша нысандағы тапсырманы жіберуді қамтиды. Валюталық бақылау агенті валюталық бақылау органының тапсырмасын осындай тапсырмада көрсетілген нысанда жəне мерзімдерде орындайды;

3) валюталық бақылау органының Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес немесе валюталық бақылау органының сұрау салуы бойынша ұсынылған ақпаратты, есеп тілікті, құжаттарды Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын, оның ішінде алынған ақпараттың, есептіліктің, құжаттардың уақтылығы, толықтығы және анықтығы жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан талдауды жүзеге асыруын қамтиды.

 

2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

20-1-бап. Мемлекеттік кірістер органының экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау бойынша валюталық бақылау жүргізу ерекшеліктері

1. Осы Заңның 9-бабының 2-тармағында көрсетілген резиденттердің (бұдан әрі - тексерілетін резидент) экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындауын валюталық бақылауды мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік кірістер органы тексерілетін резиденттің экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындауына валюталық бақылау жүргізу кезінде тексеру жүргізеді және (немесе) осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген бақылаудың өзге де нысанын жүзеге асырады.

3. Тексеру жүргізу оны тағайындау туралы акт ресімдеуді талап етпейді.

Тексеру тексерілетін резидентке бармай, оған валюталық операцияны жүргізуге байланысты, оның ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт шеңберінде міндеттемелердің орындалуы бойынша ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру туралы жазбаша сұрау салуды жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Жазбаша сұрау салуда мыналар көрсетіледі:

1) тексерілетін резиденттің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, оның тұратын жері;

2) тексерудің негізі;

3) сұратылатын құжаттардың тізбесі (олардың көшірмелері);

4) қажет болған кезде түсіндіруді талап ететін ақпарат (мәліметтер);

5) сұратылатын ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру мерзімі.

4. Тексерілетін резиденттің атына мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы қол қойған жазбаша сұрау салудың жіберілуі тексерудің басталуы болып табылады.

Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген жазбаша сұрау салу тексерілетін резидентке мынадай жағдайларда:

1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілгенде - пошта операторының хабарламасында тексерілетін резиденттің белгісі қойылған күннен бастап;

2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:

жазбаша сұрау салу веб-қосымшада жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Көрсетілген тәсіл мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесін пайдаланушы ретінде тіркелген тексерілетін резидентке қолданылады;

хабарлама пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Көрсетілген тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген тексерілетін резидентке қолданылады.

5. Тексерілетін резидент сұратылған ақпаратты және (немесе) құжаттарды (олардың көшірмелерін) мемлекеттік кірістер органының жазбаша сұрау салуында белгіленген мерзімдерде, бірақ тексерілетін резидент жазбаша сұрау салуды алған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

6. Тексерілетін резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банкте бар ақпаратты және (немесе) құжаттарды (олардың көшірмелерін) нақтылау үшін мемлекеттік кірістер органы осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген валюталық бақылаудың өзге нысанын пайдалана отырып, осындай банктің атына жазбаша сұрау салуды жібереді.

7. Тексерілетін резидент тарапынан қол қою талап етілмейтін нәтижелер туралы қорытындыға уәкілетті лауазымды адамның қол қойған күні мемлекеттік кірістер органы тексеруінің аяқталуы болып табылады.

 

21-бап. Жекелеген валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізуге қойылатын талаптар

2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Уəкілетті банктер жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны əкетуге, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталуы мүмкін жекелеген валюталық операциялар бойынша уəкілетті банк клиенттерінің төлемдерін жəне (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ айқын экономикалық мағынасы жоқ валюталық операцияларды Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тəртіппен жəне ақша жөнелтуші немесе ақша алушы болып табылатын уəкілетті банктің клиенті уəкілетті банкке осы төлем жəне (немесе) ақша аударымы туралы ақпаратты валюталық бақылау органдарына жəне құқық қорғау органдарына беруіне рұқсат берген кезде жүзеге асырады.

2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға, сондай-ақ айқын экономикалық мағынасы жоқ валюталық операцияларға бағытталуы мүмкін жекелеген валюталық операциялардың түрлері мен өлшемшарттары Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында белгіленеді.

 

22-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары, қадағалап ден қою шаралары және санкциялар

1. Валюталық бақылау органдары валюталық бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзушылықтарын анықтаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолдануға құқылы.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған кезде:

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) уəкілетті банктерге жəне клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес əкімшілік жазалар қолданылады, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жəне (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы талаптар қойылады;

2) уәкілетті ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жазалар, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қадағалап ден қою шаралары және санкциялар;

3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген өзге де резиденттерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын бейрезиденттерге қатысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша хабарлама түріндегі шектеулі ықпал ету шаралары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жазалар қолданылады.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша хабарламасы осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субъектілердің осындай хабарламада белгіленген мерзімде орындауы үшін міндетті болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша хабарламасын орындамау тексеру жүргізу, оның ішінде басқа да валюталық бақылау органдарымен бірлесіп, құзыреті шегінде тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.