«Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 18-1/483 бұйрығы (күші жойылды)

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 18-1/483 бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 361 бұйрығымен күші жойылды

 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабы 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрі

А.Б. Сәрінжіпов

2015 жылғы 29 мамыр

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Президентінің Іс Басқарушысы

А.А. Бисембаев

2015 жылғы 28 мамыр

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

міндетін атқарушының

2015 жылғы 28 мамырдағы

№ 18-1/483 бұйрығымен бекітілген

 

 

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың

тізбесi

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.