«Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 200 Қаулысы

Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас схемасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 200 Қаулысы

 

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 36-бабы 12-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас схемасы (бұдан әрі - Бас схема) бекітілсін.

2. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар су шаруашылығы, табиғат қорғау және басқа да шараларды жоспарлау кезінде Бас схема ережелерін басшылыққа алсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы 8 сәуірдегі

№ 200 қаулысымен

бекітілген

 

 

Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың

бас схемасы

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе

1. Қазақстан Республикасының аумағын су шаруашылығы бойынша әкімшілік аудандарға бөлу

2. Аумақтың су ресурстарымен қамтамасыз етілуі

3. Бар су ресурстары

4. Экономика салаларының су ресурстарын пайдалануы

5. Экономика салаларының су ресурстарын пайдалануын бағалау

6. Экономика салаларының суға қажеттіліктері

7. Су шаруашылығы есептері мен балансы

8. Су шаруашылығы есептерінің нәтижесі

9. Қорытындылар мен негізгі іс-шаралар

 

 

Кіріспе

 

Бас схема елдің және жекелеген өңірлердің даму болжамдарын ескере отырып, су шаруашылығы міндеттерін шешу, экономика салаларын су ресурстарымен кепілдік берілген қамтамасыз ету және табиғи экожүйенің тепе-теңдігін сақтау мақсатында әзірленді.

Орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу үшін су ресурстарын пайдалануда және басқаруда тиісті өзгерістер мен жаңа тәсілдер талап етіледі.

Бас схеманың негізгі міндеті:

1) жерүсті мен жерасты суларының ресурстарын нақтылау және оларды пайдалану деңгейін бағалау;

2) есептік деңгейлерге экономика салаларының суға қажеттіліктерін анықтау болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.