Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 Қаулысы
(2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 206-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесі бекітілсін.
2. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды соңғы өтеу сәтінен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 941 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 33, 451-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 941 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 тамыздағы № 813 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 32, 434-құжат).
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.