«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 639 бұйрығы

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 639 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10506 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 118 (28596) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларында:

көрсетілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына 1-қосымшада:

ескертулерде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Тиісті мәліметтер бар болған жағдайда 5, 8, 9, 11.1, 11.3, 11.4, 12.1, 13-тармақтар бойынша көрсеткіштер «Негізгі сипаттамалардың» тиісті бағандарындағы аталған көрсеткіштердің барлық көрсеткіштері бойынша көрсетілуі тиіс.»;

12 және13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«12. 10-көрсеткіш бойынша үміткер тиісінше 10.1.1 немесе 10.1.2, 10.2.1 немесе 10.2.2, 10.3.1 немесе 10.3.2-тармақшалары бойынша бар ақпаратты белгілейді. 10-көрсеткіш бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер есептерінің немесе орындаушылардың тізімі, оның ішінде Конкурсқа қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетілген, ЖОО бірінші басшысының қолы қойылған, әмбепап ондық жіктеу (бұдан әрі - ӘОЖ) және мемлекеттік тіркеу нөмірі бар, ЖОО мөрімен расталған шартты жұмыстардың, жобаны орындауға тапсырыс берушімен шарттың, жеке еңбек шарттарының, мердігерлік шарттардың немесе штаттық кестенің көшірмелері ұсынылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.