«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығы
(2020.30.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.15.08. № 502 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 8-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.