(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҚАҒ...

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығы

 

Осы редакция 2016 жылғы 15 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 8-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары бекітілсін.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 16 наурыздағы

№ 124 бұйрығымен бекітілген

 

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.