(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНА АКТИВТЕРДІ ...

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 Қаулысы

(2023.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1188 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабының 5-тармағына, 94-1, 104-1-баптарына және 133-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 23 сәуірдегі

№ 267 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді

есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану

қағидалары

 

Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және оның қаражатын пайдалану тәртібін айқындайды.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.