Бұланды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/3 «2024-2026 жылдарға арналған Макинск қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 8С-24/2 шешімі
Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұланды аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Макинск қаласының бюджеті туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/3 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Макинск қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 296160,3 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 280000,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 16160,3 мың теңге;
2) шығындар - 313917,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -17757,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 17757,1 мың теңге.
жоғарыда көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешiм 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
2024 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 8С-24/2 шешіміне
қосымша
Бұланды аудандық мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 8С-14/3 шешіміне
1 қосымша
2024 жылға арналған Макинск қаласының бюджеті