Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 736 бұйрығы
Осы редакция 2026 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Әділет министрі
2022 жылғы 31 тамыздағы
№ 736 Бұйрықпен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін
1. «Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17324 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: