«Оқу орталықтарына қойылатын талаптарды, оларды мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 377-НҚ бұйрығы (2026.01.01. берілген өзгерістермен)

Оқу орталықтарына қойылатын талаптарды, оларды мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 377-НҚ бұйрығы

(2026.01.01. берілген өзгерістермен)

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Оқу орталықтарына қойылатын талаптар;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Оқу орталықтарын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасының

сауда және интеграция министрі

 

Б. Сұлтанов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

сауда және интеграция министрінің

2021 жылғы 31 мамырдағы

№ 377-НҚ бұйрығына

1-қосымша

 

 

Оқу орталықтарына қойылатын талаптар

 

1. Осы Оқу орталықтарына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Аталған Талаптар техникалық реттеу саласындағы оқу орталықтарына қолданылады.

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2025.15.07. № 210-НҚ бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.