Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/169 бұйрығы
(2020.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 8 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 18-35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.