«Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1051 Қаулысы

«Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1051 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Маңғыстау облысының аумағында Маңғыстау облысы Ақтау және Жаңаөзен қалаларының, Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан.

АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.

АЭА аумағы Ақтау халықаралық әуежайын қоса алғанда, 9814,503 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2025 жылғы 5 желтоқсандағы

№ 1051 қаулысына

1-қосымша

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.