Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) мемлекеттік есепке алу, кадастр және мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/577 бұйрығы
(2026.17.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.30.09. № 220 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024.23.07. № 169 бұйрығымен (2024 ж. 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.30.09. № 220 бұйрығымен (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 240) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.30.09. № 220 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) мемлекеттік есепке алу, кадастр және мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.