(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН МЕМЛЕКЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУДЫ, ОНЫҢ К...

Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/577 бұйрығы

 

Осы редакция 2024 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 9-бабы 1-тармағының 63) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 26 маусымдағы

№ 18-03/577 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының (бұдан әрi - Заң) 9-бабы 1-тармағының 63) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбiн айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.