Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж., № 35, 373-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2008 ж., № 3, 38-құжат; № 35, 364-құжат; 2009 ж., № 15, 106-құжат; № 55, 446-құжат; 2011 ж., № 29, 352-құжат; № 34, 408-құжат; № 52, 710-құжат; 2013 ж., № 8, 169-құжат; № 30, 455-құжат; 2014 ж., № 3, 17-құжат; № 61, 567-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 28-і.
№ 145
Президентінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 145 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1271 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Ұлттық Банкінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Орталық аппарат:
1. Зерттеулер және статистика департаменті
2. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті
3. Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдер департаменті
4. Монетарлық операциялар департаменті
5. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті