«Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 200 Қаулысы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 200 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2. «Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Г. Искалиев

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2020 жылғы 28 тамыздағы

№ 200 қаулысына қосымша

 

 

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 250 «Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4060 тіркелген, 2015 жылы 13 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 272 «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4116 тіркелген, 2015 жылы 3 қарашада «Орал өңірі» газетінде жарияланған).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.