«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 780 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 780 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2020 жылғы 30 қарашадағы

№ 780 бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2020 жылғы 30 қыркүйектегі

№ 625 бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі,
бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында
МІНДЕТТЕРДІ БӨЛУ

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) басшылығы өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

 

 

1-бөлім. Министр

 

1. Министрліктің, ведомстволардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.