(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ 2022-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ...

Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XIII сессиясының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 101 шешiмi

(2022.04.03. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7-баптарына, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясының 2022.27.01. № 108 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясының 2022.04.03. № 118 шешiмiмен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 1 030 714 024 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 813 018 325 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 4 099 585 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 35 369 200 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 178 226 914 мың теңге;

2) шығындар – 1 042 446 359,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 14 097 244 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 48 320 974 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 48 657 974 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -74 150 553,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) – 74 150 553,2 мың теңге.

2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен алымдар есебінен құралады деп белгіленсін:

ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығынан;

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығынан;

төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығынан;

төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығынан;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.