«Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 425 бұйрығы (күші жойылды)

«Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 425 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 644, 645-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5463 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 ақпанда № 27 (1450) «Заң газеті» жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 22-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 24-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада айқындалған тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны он күнтізбелік күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің

2015 жылғы 28 шілдедегі

№ 425 бұйрығына 1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің

2008 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 637 бұйрығына 22-қосымша

 

Нысан

 

 

Тауар чегі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.