«Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 339 бұйрығы

Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 339 бұйрығы

 

 

«Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2024 жылғы 1 қаңтардан ерте емес мерзімде қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Энергетика министрі

 

А. Саткалиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Экология және табиғи ресурстар министрлігі

2023 жылғы « »___________

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі

2023 жылғы 14 қыркүйектегі

№ 339 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу)

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.