«Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 817 бұйрығы (күші жойылды)

«Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 817 бұйрығы

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 30 шілдедегі № 288 бұйрығымен күші жойылды

 

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-1-бабының 8-4) тармақшасына және «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11620 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларында:

81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«81. Тапсырма шартында бюджеттік кредит беру шарттарына сәйкес Сенім білдірілген өкілге (агентке) Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және оның есебінен жүзеге асыратын өкілеттіктер айқындалады.

Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеген кезде Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметіне ақы төлеу Кодекстің 179-бабына және Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызмет құнының есебіне сәйкес осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.