Осы редакция 2018 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
2-қосымша
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.24.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017.24.03. № 104 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Инвестиция және даму министрінің 2016.26.01. № 82 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017.24.03. № 104 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Инвестиция және даму министрінің 2016.26.01. № 82 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
лицензия беру - 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты - 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты - 15 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.