Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 575 Қаулысы
(2022.29.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2022.29.03. № 173 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.