«Бюджет кірістерін болжау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 286 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджет кірістерін болжау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 138 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет кірістерін болжау әдістемесінде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Бюджет кодексінің 23-бабына сәйкес мұнай секторы ұйымдарынан (бұдан әрі - ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС) түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік табыс салығы бойынша болжам мұнайға қатысты емес сектор, мұнай бастапқы, екінші және үшінші секторлары жалпы қосылған құн көлемінің (бұдан әрі - ЖҚҚ), мынадай формула бойынша тиімді салық мөлшерлемесі негізінде айқындалады:
KРNб = KРNб1 + KРNб2+ KРNб3 + KРNб4, мұндағы:
KРNб - ірі кәсіпкерлік субъектілерінің КТС жалпы болжамды сомасы;
РNб1 = (Vжққ (б.) * Sесеп) + NA, мұндағы:
KРNб1 - мұнайға қатысты емес сектордың ірі кәсіпкерлік субъектілерінің КТС болжамды сомасы;
Vжққ (б) - мұнайға қатысты емес сектордың ЖҚҚ болжамды көлемі;
Sесеп - есепті қаржы жылы үшін мұнайға қатысты емес сектордың ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС тиімді мөлшерлемесі, %;
NA - салықтық және кедендік әкімшілендіру (номиналды мәнде мұнайға қатысты емес сектордың ӘК-не 0,3%), бұл ретте:
Sесеп = KРNесеп/Vжққ(есеп) * 100, мұндағы:
KРNесеп - есепті қаржы жылындағы мұнайға қатысты емес сектордың ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС нақты түсімдері;
Vжққ (есеп) - есепті қаржы жылындағы мұнайға қатысты емес сектордың ЖҚҚ көлемі;
KРNб2 = (Vжққ(б.м2)* Sесеп) + NA, мұндағы: