Бюджет кірістерін болжау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 138 бұйрығы
(2026.02.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджет кірістерін болжау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.