«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, қайта өңдеуге арналған тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына өнім өндіру мақсатында импортталатын тауарлардың, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 126 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 5 тамыздағы № 125 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, қайта өңдеуге арналған тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына өнім өндіру мақсатында импортталатын тауарлардың, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 126 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, қайта өңдеуге арналған тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына өнім өндіру мақсатында импортталатын тауарлардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16-1, 16-2, 16-3, 16-4 және 16-5- жолдармен толықтырылсын:
«
| 16-1. | Бейметалдардың өзге бейорганикалық қышқылдарының (галогенді сутектердің күрделі эфирлерінен басқа) және олардың тұздарының күрделі эфирлері; олардың галогенделген, сульфатталған, нитратталған немесе нитрозданған туындылары: өзгелері: өзге де қосылыстар (Пропаргит) | 2920 90 700 0 |
| 16-2. | Аминдік функционалдық тобы бар қосылыстар: хош иісті моноаминдер және олардың туындылары; осы қосылыстардың тұздары: өзгелері: өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын өндіруге арналған пендиметалин (пендиметалин) | 2921 49 000 1 |