Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығы
(2020.02.11. берілген өзгерістермен)
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін және оның мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.