(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА АРНАЛҒАН ТЕЛІМДЕ ТОБЫЛ ӨЗЕ...

Объектілердің құрылысына арналған телімде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдаланудың тәртібін белгілеу туралы
Қостанай облысының әкімдігінің 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 425 қаулысы

 

Осы редакция 2016 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 116-бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Объектілердің құрылысына арналған телімде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі 1-қосымшаға сай белгіленсін.

2. Қостанай қаласы аумағындағы объектілердің құрылысына арналған телімде 2-қосымшаға сай су қорғау аймағы мен белдеуі аумағында арнайы шаруашылық пайдаланудың тәртібі Тобыл өзенінің су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметінің тәртібі белгіленсін.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

С. Кулагин

 

Әкімдік мүшелері:

КЕЛІСІЛДІ

 

Әкімдіктің

2008 жылғы 2 қыркүйектегі

№ 425 қаулысына 1-қосымша

 

Объектілердің құрылысына арналған телімде Тобыл өзенінің

су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу

 

р/с

Су объектісі, оның телімі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

шекараның ұзындығы,

(м)

шекараның ұзындығ,

(м)

шекараның ұзындығы,

(м)

шекараны қашық-тығ,

(м)

ауданы,

(га)

ені,

(м)

1.

Тобыл өзені Қостанай қаласы, Речная көшесі, «Таун-Сай» тұрғын кварталда  орналасқан («Архитектурное Ателье «Дом» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі)

303

22,86

783,9-721,5

303

3,03

100

2.

Тобыл өзені Қостанай қаласы , Речная көшесі, 6 орналасқан тұрғын үйі (Құрманов Р.А.)

30

1,62

540

30

0,3

100

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.