«Су қорын пайдалануды реттеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 14 қазандағы № 264-НҚ бұйрығы

«Су қорын пайдалануды реттеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 14 қазандағы № 264-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Су қорын пайдалануды реттеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21194 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес келесі редакцияда жазылсын.».

2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін «Арнаулы су пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 1-қосымшасының 14-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.