2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25-3 шешімі
(2025.28.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне cәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2025.14.02. № 26-2 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.28.03. № 27-5 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 95 518 723 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 37 627 100 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 600 000 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 23 119 879 мың теңге;
трансферттер түсімі - 34 171 744 мың теңге;
2) шығындар - 98 058 331 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 2 539 608 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 539 608 мың мың теңге»:
қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 10 046 000 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 739 000 мың теңге.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.