«2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 27-5 шешімі
Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1) кірістер - 95 518 723 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 37 627 100 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 600 000 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 23 119 879 мың теңге;
трансферттер түсімі - 34 171 744 мың теңге;
2) шығындар - 98 058 331 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 2 539 608 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 539 608 мың мың теңге»:
қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 10 046 000 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 739 000 мың теңге.
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2025 жылғы 28 наурыздағы
№ 27-5 шешіміне
қосымша
Тараз қалалық мәслихатының
2024 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 25-3 шешіміне
1-қосымша
Тараз қаласының 2025 жылға арналған бюджеті